Президент LRT туралы: жауапты адамдар бақылаушы органдардың сұрақтарына жауап беруі тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы LRT құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

None
None

- Мен қаңтарда LRT-ға қатысты жұмысты тездетіп аяқтауды тапсырдым. Нақты мерзімдер айқындалды. Тұрғындарға уәде берілді. Енді осы жобаны дер кезінде аяқтау керек. Бұл жұмысқа біраз қаражат бөлінді. Бірақ, нақты нәтиже жоқ. Көлік мәселесін шешуді соза берсек, қала кептелістен көз ашпайды. Бұл үлкен дағдарыс тудыруы мүмкін, - деген болатын Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Президент жауапты адамдар бақылаушы органдардың сұрақтарына жауап беруі тиістігін айтты. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, астанада салынып жатқан LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылған болатын.

Соңғы жаңалықтар