Президент «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» кәсіпорнының жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында Іле ауданындағы «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің жағармай шығаратын зауытында болды.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына жұмыс барысы мен шығарылатын өнімдер көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпорынның қазіргі жұмысы мен технологиялық тұрғыдан жаңғырту жоспары туралы ақпарат берілді.

Зауытты аралап көрген Президент компанияның жұмыстарына оң баға беріп, табысты дами берулеріне тілектестік білдірді.


Соңғы жаңалықтар