Президент мәдениет, ақпарат және жастар саясатын дамыту жөнінде нақты міндеттер жүктеді

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
Фото: Ақорда

Аида Балаева мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндады.

Мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, сондай-ақ отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы аталған бағыттарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма жүктеді. 

Айта кетелік Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізген еді

 

Соңғы жаңалықтар