11:38, 31 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Президент мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент қол қойған өкімде:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы республикалық басылымға сұхбат беретінін хабарлаған едік.