Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Глава государства направил телеграмму поздравления Премьер-министру Малайзии
Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар