Президент Маңғыстаудағы мектеп жетіспеушілігі мәселесін үш жылда шешуді тапсырды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық білім беру, денсаулық сақтау саласын дамытып, жастарға қолдау көрсету керек. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір жұртшылығымен кездесуде айтқаны, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

« Қазіргі заманда әр азаматтың және тұтас елдің табысты болуына ілім мен білім мол мүмкіндік береді. Сондықтан, білім инфрақұрылымын дамыту және оның сапасын арттыру еліміз үшін басты басымдық болып отыр.

Ең алдымен, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ісінің қолжетімді болуына назар аудару қажет. Маңғыстау облысында балабақша мәселесі толық шешімін таппаған. Мұнда 10 мыңға жуық балаға орын жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін толық пайдалану керек.

Биыл өңірде 17 жекеменшік балабақша ашылды. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Ол аймақтағы о рта білім беру саласындағы жағдайдың да мәз еместігін де жеткізді. Облыстағы 13 мың оқушыға мектептен орын жетпей жатыр. Апатты жағдайда тұрған, үш ауысыммен оқытатын мектептер бар. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Маңғыстау аймағында алдағы үш жылдың ішінде 21 мектеп салынады.

«Бірақ, бұл да жеткіліксіз. О блыс әкімдігі үш жылдың ішінде үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешуге тиіс. Бұл жұмыста бизнестің мүмкіндігін кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті тәжірибе бар. Соңғы екі жылда аймақта 19 жекеменшік мектеп ашылған. Облыста қала мен ауыл, Ақтау мен Жаңаөзен мектептері арасында білім сапасы бойынша орасан зор алшақтық бар. Бұған жол беруге болмайды.

Білім деңгейі әр баланың тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Ал, біз барлық оқушыға бірдей сапалы білім беруіміз керек. Бұл – мемлекеттің міндеті. Мен бұған баса мән беремін», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар