Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

АНКАРА. KAZINFORM —  Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда

— Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді. Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты, — делінген хабарламада.

Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барған еді.

Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесіп, Қасым-Жомарт Тоқаев «Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады» деген еді.

Қазақстан Президентінің келуіне орай Анкара көшелері арнайы баннермен безендірілді.

Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда
Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда
Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда
Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда
Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда
Президент Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Фото: Ақорда
Соңғы жаңалықтар