Президент Н. Назарбаев көтерген мемлекеттік қызмет сапасын барынша жақсарту мәселесі біздің жұмысымыздың да бір бөлігі болуы шарт - БҰҰ өкілі С. Тулл

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың былтырғы Жолдауда көтерген мемлекеттік қызмет сапасын барынша жақсарту мәселесі біздің жұмысымыздың да бір бөлігі болуы шарт.
None
None

Бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет саласында Өңірлік хабтың құрылтай конференциясында сөз сөйлеген БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Стивен Тулл осылай мәлім етті. Еске салсақ, Өңірлік хабтың алқалы жиынын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы бірлесе ұйымдастырған болатын.

«Қазақстан Президенті Н. Назарбаев былтырғы желтоқсандағы Жолдауында мемлекеттік қызметті дамытудың тың тетіктері туралы айта келе, бұл қызметтердің басты мақсаты оның сапасын барынша жақсарту екеніне тоқталған болатын. Менің ойымша, дәл осы тақырыпты біз ерекше нысанаға алуға тиіспіз және бұл біздің жұмысымыздың бір бөлігі болуы шарт, сондықтан оны ұдайы естен шығармауымыз керек. Өйткені, біздің түпкі көздегеніміз мемлектетік қызметті барынша кәсібилендіру болып отыр», - деді Стивен Тулл мырза.

Сонымен қатар, сөз арасында БҰҰ өкілі Грекия заманынан бері мемлекеттік қызметте ең құзыретті азаматтар қызмет еткенін, сол тұстан бастап мемлекеттік қызметтегі саяси философия қоғамдағы тәртіп пен әділдікті қамтамасыз ету болғанын атап өтті. «Осылайша, мемлекеттік қызметті реформалау мәселесінде сол қызметтің сапасын одан сайын жақсарту үшін ұдайы ізденісте болуға тиіспіз. Ал Өңірлік хаб идеясы көршілес мемлекеттермен ғана емес, жалпы ауқымда тәжірибе алмасуға - керемет мүмкіндік. Менің ойымша, бұл бейбітшілікті сақтау мақсатындағы үкіметтераралық ынтымақтастықта аса маңызды сала болып табылады», - деді Стивен Тулл.

Соңғы жаңалықтар