Президент Н. Назарбаев Қызылорда облысындағы күкірт қышқылы зауытын іске қосты

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Н.Назарбаев Қызылорда облысындағы күкірт қышқылы зауытын іске қосты.

Облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың айтуынша, аграрлы аймақтан индустриялы аймаққа айналған Сыр өңірі 5 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Соңғы 10 жылда шағын бизнес субъектілері 7 есеге артқан. «Бүгін «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы арқасында салынған күкірт қышқылы зауытын ашқалы отырмыз. Бұл ТМД-да баламасы жоқ зауыт, жылыны 500 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын болады», - деді облыс әкімі.

Іске қосу барысында Президент қызылордалықтарды Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығында жеткен жетістігімен құттықтады. «Бұл өңірдегі өндірістің барлық салаларындағы нысандармен таныспын. Қызылорда халқы сондай өндірістің арқасында жаңаша өсіп-өніп келе жатыр. Жаңа жұмыс орындары, жаңа нысандар бұның барлығы ел тәуелсіздігінің арқасы», - деп атап өтті Елбасы Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар