Президент Н. Назарбаев онлайн режимінде Жамбыл облысындағы медицина бұйымдарын шығаратын зауытты іске қосты

None
None
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Н.Назарбаев Жамбыл облысындағы медициналық бұйымдар шығаратын зауытты іске қосты.

«Бүгін медициналық бұйымдарды өндіретін жаңа зауытты іске қосқалы отырмыз. Осындағы озық технологиялы жаңа өндіріс арқылы елімізге қажетті сұранысты толығымен қамтамасыз етеді. Бұл нысан ТМД елдері бойынша алғашқы зауыт болғандықтан, осы кеңістіктегі бәсекелестікте алда болатыны мәлім», - деді жобаны таныстырған облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

«Біз осы жұмысты бастағанда айтқанбыз, Қазақстан өзін-өзі медициналық құралдармен және жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен 10 пайыз ғана қамтамасыз етеді. Соны 50 пайызға көтеруге жұмыс істейтін боламыз. Осыған қатысты еліміз бойынша медицина саласында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өте керекті зауытты іске қосып отырсыздар. Бұл Тәуелсіздіктің 20 жылдығына өте үлкен тарту. Сондықтан барлығыңызды құттықтаймын. Халықтың денінің саулығына қызмет ететін нысанды медицина саласы күтіп отыр. Іске қосыңыздар», - деп атап өтті Елбасы онлайн режимінде зауытты іске қосу барысында.

Соңғы жаңалықтар
telegram