07:35, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Президент Н.Назарбаев Түркия премьері Реджеп Ердоғанмен кездесті
ЫСТАМБҰЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Түркияда сапармен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел Премьер-Министрі Реджеп Ердоғанмен кездесті. Әңгіме барысында экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Н.Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х саммитіне қатысу үшін Ыстамбұлға барғанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын. Қазақстан Президенті саммитте баяндама жасайды.
Саммитке, сондай-ақ Әзірбайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев, Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Қырғыз Республикасының Президенті Роза Отынбаева, Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қатысады. Саммиттің қорытындысы бойынша декларация қабылданады.