Президент Н.Назарбаев жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселелері бойынша көшбасшылықты танытты - Уильям Бернс

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
У.Бернс Қазақстанның Президентіне АҚШ Президенті Барак Обаманың ең ізгі тілегін жеткізді. У.Бернс ол басқарған американдық делегацияның Астанаға келуі «Президент Обаманың Қазақстанға қатысты үлкен басымдықты» көрсететінін атады.
Мемлекеттік хатшы сонымен қатар, Н.Назарбаевты АҚШ басшысының Мәскеуге жасаған сапарының қорытындылары туралы хабардар етті.
АҚШ Президентінің Мәскеуге жасаған сапары өте табысты өтті. Ресми Вашингтон Ресеймен қатынасқа үлкен мән береді. АҚШ-тың сонымен қатар, Қазақстанмен қатынасты және ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті У.Бернс.
Сұхбаттасу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің перспективалары, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Барак Обаманың ядролық қауіпсіздік бойынша жаһандық саммитті 2010 жылы Нью-Йоркте өткізу туралы бастамасын қолдайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар өзара мүдделі халықаралық мәселелерді, атап айтқанда Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру проблемаларын талқылады.
- Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселелері бойынша көшбасшылықты көрсетті. АҚШ сонымен қатар, оның таралуына жол бермеуге және оған қалай қол жеткізуге болатындығын басқа елдерге үлгі етіп көрсетуді ұстанады.
Мұның дәлелі президенттер Дмитрий Медведев пен Барак Обама арасындағы ядролық арсеналды одан әрі қысқарту туралы болашақтағы келісімге қол қою туралы қол жеткізілген өзара түсіністік болып табылады. Сондықтан АҚШ Қазақстанның Президенті көрсетіп отырған көшбасшылықты жоғары бағалайды, - деп мәлімдеді У.Бернс журналистерге арналған брифингте.