Президент Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
Фото: Ақорда

– Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – делінген жеделхатта. 

Айта кетелік бүгін Президент мәдениет саласындағы бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттаған еді

Соңғы жаңалықтар