Президент Нұрлыбек Нәлібаевқа инвестициялық климатты жақсарту бағытында бірқатар тапсырма берді

АСТАНА. KAZINFORM – Президентке Қызылорда облысының инвестициялық жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қызылорда облысында
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Orient Ceramic KZO компаниясының қыш тақта өндіретін зауыты, Fabe Agro жылыжай кешені, With You қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорны, Seven Rivers Technologies компаниясының шыны ыдыстар өндірісі және басқа да жобалар жөнінде баяндалды.

Президент Қызылорда облысында
Фото: Ақорда

Президентке шыны кластерін дамыту және бу-газ қондырғысы, тау-кен байыту фабрикасы, кальцийлендірілген сода өндіру зауыты, тауарлы сүт фермасы жобаларын іске асыру жоспары жайында айтылды.

Президент Қызылорда облысында
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы алға қойған жоспарларды уақтылы және сапалы іске асырудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа инвестициялық климатты жақсарту және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Президент Қызылорда облысында
Фото: Ақорда

Осыған дейін Нұрлыбек Нәлібаев Президентке өңірдің дамуы жөнінде есеп берген болатын. 

Президент Қызылорда облысында
Фото: Ақорда
Президент Қызылорда облысында
Фото: Ақорда

 

 

Соңғы жаңалықтар