Президент Нұрсұлтан Назарбаев Италия мен Ватиканға ресми сапар жасайды

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарашаның 4-і мен 6-сы аралығында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Италия мен Ватиканға ресми сапар жасайды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның  айтуынша, сапар барысында Елбасы Италия Президенті Джорджио Наполетаномен және осы елдің Министрлер кеңесінің төрағасы Сильвио Берлусконимен келіссөздер жүргізіп, екі ел арасындағы үкіметаралық және коммерциялық келісімдерге қол қояды деп күтілуде. Сондай-ақ Мемлекет басшысының сапары аясында екі елдің ірі компаниялары мен іскер топ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-итальян бизнес форумы өтеді.

Ал Ватиканға сапары барысында Мемлекет басшысы Рим папасы Бенедикт XVI және Қасиетті тақ Мемлекеттік хатшысы  Тарчизио Бертонемен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар