09:02, 20 Наурыз 2025 | GMT +5
Президент өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы шақырылды
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясын шақырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Cессия 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы тиімді құрылымға айналғанын айтқан еді.