Президент Оман Сұлтандығын Ұлттық күнімен құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Қазақстан Президенті Оман Сұлтанының жуырда елімізге жасаған тарихи сапарын ықыласпен еске алып, оның нәтижелері екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің жауапты саяси қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі, — делінген Ақорданың хабарламасында.
Еске сала кетейік, 6 қазанда Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.