Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM  - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің аса жауапты қызметі мен барлық бастамасына табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.

Бұған дейін хабарлағандай, Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның төл мерекесі — Тәуелсіздік күнімен құттықтады.