10:14, 05 Тамыз 2025 | GMT +5
Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті.
- Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды, - делінген хабарламада.
Осыған дейін Президенттің Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына барғаны туралы жаздық.