16:48, 05 Мамыр 2023 | GMT +5
Президент отандық қорғаныс өнеркәсібінде шығарылатын өнімдер қатарын кеңейтуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Бүкілармиялық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық қорғаныс өнеркәсібінің әлеуетіне қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Армиямыздың толыққанды қайта қарулануында және жаңғыртуда отандық қорғаныс өнеркәсіптік кешен маңызды рөл атқаруы тиіс. Үкімет әскери өнімдер мен қызмет түрлерін кеңейту үшін барлық іс-шараларды қабылдауы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент әскери техника мен мүлікті зауыттар деңгейінде жөндеу мүмкіндіктерін арттыруды тапсырды. Бұл бағытта елеміздегі тиісті өндірістердің әлеуеті зор.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін Бүкілармиялық кеңестің отырысы басталды.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов 250 әскери қызметші Африкадағы миссияға дайындалып жатқанын айтты.