07:08, 14 Қаңтар 2021 | GMT +5
Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Құжаттың толық мәтіні
* * *
Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 14 қаңтар
№ 489