Президент пен құзырлы органдар мембилік жүйесіне конституциялық деңгейде енсе, барлығы өз орнына келеді - Сайлаубек Әлібеков

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат   - Заң ғылымдарының докторы Сайлаубек Әлібеков ҚР Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Президент ұсынысы бұрыннан сұранып тұрған мәселе болатын. Мен өзім, Президентті ҚР Конституциясының 3-ші бабына, Мемлекеттік билік жүйесіне қосуды қолдайтындарданмын. Бізде, өкінішке орай, меніңше, Президент заңнамалық тұрғыда алыстатылған. Осы жағдай біздің өмірімізге әсер етіп отыр. 3-ші бапты қарасаңыз, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады деп жазылған. 40-шы бапты қараңыз, онда Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға деп жазылған. Осы екі бапты байланыстыру қажет. Бұған қарасаң, біздің мемлекеттік билікті биліктің үш тармағы ғана танытатын секілді. Егер, президент пен оған құзырлы органдар мемлекеттік билік жүйесіне конституциялық деңгейде енетін болса, меніңше барлығы өз орнына келеді. Әрине, көп мәселе бар, оның ішінде 26-шы бапқа қатысты да пікірлер айтылып жатыр. Меніңше, бұл жерде асыра сілтеудің қажеті жоқ. Жекеменшікті барлық азаматтарға енгізуге шетелдіктерге де енгізуге болады. Шетелдіктер жекеменшікті иемденеді деген дұрыс болмайды.  Бұл  менің ұсынысым. Логикалық түрде алып қарасыңыз, мемлекеттік билік  біртұтас. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Оны Президент басқарады. Ал Президент мемлекет басқару жүйесіне енбеген. Сондықтан, осы баптарды сәйкестендіру керек. Осыдан кейін ақырындап, билік тармақтарын Парламент пен Үкіметке беру басталады. Әйтпесе, ол мемлекеттік биліктен, биліктің үш тармағынан жоғары тұр.  Конституцияда билік біртұтас делінген. Онда Президент қайда қалады? Осы мәселелерді реттеп алу керек», - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында заң ғылымдарының докторы Сайлаубек Әлібеков. 

Соңғы жаңалықтар