13:06, 25 Ақпан 2025 | GMT +5
Президент Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.
Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, екі ел арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Әңгіме барысында сондай-ақ энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.