10:22, 03 Қаңтар 2024 | GMT +5
Президент Іс басқарушысының жаңа орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform Ақордаға сілтеме жасап.

Рустам Ахатханұлы 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы Еуразия нарық институтында экономист мамандығын меңгеріп шыққан.