11:49, 07 Қаңтар 2022 | GMT +6
Президент сағат 15:00-де қазақстандықтарға үндеу жолдайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сағат 15:00-де Қазақстан халқына үндеу жолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасының эфирінде айтты.
«Алматылықтардан әлі де жүріп-тұрудан шектелуді сұраймыз. Негізгі күштерді жойғаннан кейін бандиттердің жасырын қалдықтарын іздеу жүргізіледі», - деді Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.
Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының бүгін халыққа үндеу жасайтынын еске салды.
«Бүгін сағат 15:00-де Президент халыққа үндеу жасайды. Қазір барлық өңірлерде құқықтық тәртіп қалпына келтірілді. Жағдай тұрақтанды. Мен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазақстанды бірге қалыпты өмірге қайтарайық», - деді Дәурен Абаев.