Президент Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды

None
САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Әуежайда Қазақстан Президентін Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алды.


Бұған дейін 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен баратыны хабарланды.

Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.


Фото: t.me/bort_01


Соңғы жаңалықтар