Президент шахматтан әлем чемпионы атанған Бибісара Асаубаеваны құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы атанған 17 жасар Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Бибісара Асаубаеваны блиц бойынша өткен әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Бұл керемет жетістік барша қазақстандық үшін, әсіресе шахмат әуесқойлары үшін Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық болды. Бибісараның табыстан табысқа жете беруіне тілектестік білдіремін!» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Бибісара Асаубаеваның шахматтан әлем чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті мәлім еткен.

Мұның алдында Бибісара Польшада өтіп жатқан Әлем біріншілігінде «рапидте» екінші орын иеленген.

«Ал бүгін қазақстандық шахматшы аталмыш жарыста «блицте» алдына жан салмай жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар