10:38, 22 Тамыз 2025 | GMT +5
Президент Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетелік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталған еді.



Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған еді. Президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.