09:59, 10 Қазан 2023 | GMT +5
Президент Щучье қаласындағы студенттің өліміне қатысты істі бақылауына алды
Президент Щучье қаласындағы студенттің өліміне қатысты істі бақылауына алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

"Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды.
Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды", - деп жазды Ақорда әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында теміржолдан студенттің денесі табылғаны туралы жазған болатынбыз.