Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.
Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барған еді.