Президент «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда
Фото: Ақорда

Бұл нысан биыл мамыр айында пайдалануға берілген.

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына академия қызметі өңір жастарының зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталғаны жөнінде баяндалды. Кешенде бассейн, спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары, шығармашылық студиялар мен зертханалар бар.

шығармашылық
Фото: Ақорда

Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, Қызылорда облысында қосымша білім беру жүйесін дамыту аясында 2022 жылдан бастап Жаңақорған, Жалағаш және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Шығармашылық мектептері бой көтерген. Былтыр облыс орталығында заманауи Оқушылар сарайы ашылды.

Президент
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, Қызылордада Кәсіптік білім беру және жұмысшы мамандықтары бойынша құзыреттілік орталығының құрылысы басталды.

Президент
Фото: Ақорда

Бүгінде Президент саябағында уақыт талабына сай балалар сауықтыру лагері мен қысқы бақ салынып жатыр.

технология
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесіп, әңгімелесті.

Президент
Фото: Ақорда
оқушы
Фото: Ақорда
Соңғы жаңалықтар