Президент Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзерді қабылдады

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Кездесуде еліміздегі ауқымды жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзерді қабылдады
Фото: Ақорда

— Джейн Фрейзер Қазақстанмен арадағы серіктестікті банктер тобы қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастыратынын жеткізді, — делінген хабарламада.

Президент Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзерді қабылдады
Фото: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесті. Франсиско Гомес Нето Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне жоғары баға беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Сонымен қатар Президент ExxonMobil корпорациясының басшыларын қабылдады. Мемлекет басшысы Даррен Вудспен Теңіз бен Қашағанның болашағын талқылады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум