Президент: Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатқан кеңесте Мемлекет басшысы соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кеткендігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

«Соңғы кезде коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артып кетті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын осы мәселені Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырдық. Сол кезде Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсаратын емес. Керісінше, эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Әсіресе, елордадағы жағдай өте күрделі», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар