Президент Таиланд Корольдігімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды Ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті жеделхатында Таиланд Корольдігінің халықаралық аренада және әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
Сонымен қатар Президент Таиланд Корольдігімен дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін жеткізді.
Еске салсақ, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады. Қабылдауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына әзірлік барысы туралы ақпарат берілді.