Президент тапсырмасы қалай орындалуда: Атырау және Маңғыстау облыстарында қауіпті мұнай ұңғымалары жойылады

АТЫРАУ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде өзі төгілетін және су басқан ұңғымаларды жою жұмыстары бойынша бағдарлама өңделіп жатыр. Жұмыс жоспары бойынша бірінші кезекте аудандарда Каспий теңізінің суы басқан мұнай және газ ұңғымаларын жою және консервациялау қарастырылған. Сонымен қатар, құрғақ жердегі апаттық жағдайдағы ұңғымаларды жою көзделуде. Барлық өңірлерде өзі төгілетін, пайдалануға жарамайтын апаттық жағдайдағы ұңғымаларды анықтау үшін қосымша тексеру жүргізіледі.
None
None

Бұл жұмыс 11 қазан күнгі Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін басталды. Онда ұңғымалармен байланысты мәселені Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов айтқан болатын. Мемлекет басшысы осы мәселені зерттеп, батыс өңірлеріндегі қараусыз қалған ұңғымаларды реттеуді тапсырды.

«Өкінішке қарай, қазір ешкім біздің облыста қанша ұңғыманың қараусыз қалғанын білмейді. ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәліметтері бойынша, су басу қаупі бар аймақта 1400 ұңғыма, соның ішінде 148 су астында қалған ұңғыма бар. Кейбір мамандар бұндай ұңғымалар саны екі мыңға жетеді деп отыр. Сол себепті құжаттарды іздеп, барлық жағалау мен құрғақ жерлерді барлап шығу керек. Біз қанша бұрғыланған ұңғыма бар екенін және қаншасының су басу аймағында екенін білуіміз керек», - деді Атырау облысы Экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов.

Қараусыз қалған ұңғымаларға байланысты мәселе тек Атырау облысына ғана қатысты емес. Маңғыстау облысында ресми мәліметтер бойынша су астында 229 ескі ұңғыма, тағы жүздегенін су басуы мүмкін.

Ұңғымаларды жою және анықтау бойынша жұмыстар келесі жылдан басталады деп болжануда. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ұ 40 мұнай ұңғымасын жою және консервациялау үшін 512,477 млн. теңгеге бюджетке өтінім берді.

Соңғы жаңалықтар