Президент тапсырмасы: Министр Щучинск-Бурабай аймағын тексертіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи реурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Президенттің тапсырмасы бойынша Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіп, тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бұл туралы министр өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Президенттің тапсырмасы бойынша Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл жайсыз оқиғаның тексеру барысын бақылауда ұстаймыз. Министрлік заңсыз ағаш кесу бойынша жауапкершілікті қатаңдатуды жоспарлап отыр»,-деп жазды министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі бойынша шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырма бергенін хабарлағанбыз.

«Казахстанская правда» газеті Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаштарды кесу дерегі жөнінде жазды. Ұлттық байлықты жоюға қатысты өрескел әрекетке су құбыры жолының құрылысы сылтау болып отыр. Үкімет және әкімдік шұғыл шаралар қабылдауы тиіс»,-деп жазды Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар