ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ - ҮКІМЕТ ҚАЛАЙ ОРЫНДАП ОТЫР: Қазақстанда бизнесті ашу мен дамытуға шағын несиені алу қиын

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Романовскаяның пайымынша шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша грантты қолдау алу айтарлықтай қиын.
None
None
«Біз өңірлерді көп аралаймыз және шағын несиелендіру бағдарламасы бойынша бизнеске арналған гранттар көп жағдайда берілмейді. Бағдарлама аясында қыруар қаржы бөлінгенімен, алайда ол бағытта тиісті жұмыс жоқ. Осынысы бізге түсініксіз. Бұл қаржы түрлі шоттарда шоғырланған. Осы орайда кәсіпкерлер бұл грантты қолдауға қол жеткізе алмай отыр, олар бұл қаржыны қалай алу керектігін білмейді»,-дейді депутат. Бұл тұрғыда С. Романовская Астанада Елбасының қатысуымен өткен қазан айындағы кеңейтілген отырыста бұл мәселе талқылаудың жоғары деңгейіне шығарылғанын атап өтті. «Осы арқылы бүгінде Үкіметтің есебі бойынша Ақмола облысында шағын несие бойынша 14 грантты өтінім, Қарағанды облысында - 5, Оңтүстік Қазақстан облысында -19-ы бекітілген, алайда Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бұл бағытта әлі де үнсіздік»,-деді депутат.
Соңғы жаңалықтар