ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ - ҮКІМЕТ ҚАЛАЙ ОРЫНДАП ОТЫР: Мемлекет басшысының тікелей тапсырмаларын орындау бойынша қазіргі Үкіметтің құрамы әлсіз болып отыр - А. Перуашев

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тікелей тапсырмаларын орындау бойынша қазіргі Үкіметтің құрамы әлсіз болып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев айтты.
None
None

«Менің саясатта келе жатқаныма 20 жылдай болып қалды. Осы уақыт ішінде біз әр түрлі үкіметті көрдік. Бірақ, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмаларын орындау бойынша қазіргі үкіметтің құрамы ең әлсізі болып отыр. Бұл - менің жеке, сондай-ақ жалпы «Ақ жол» фракциясының пікірі», - деп атап өтті А. Перуашев.

Оның айтуынша, өзі келтірген бірқатар нақты мысалдар, өзгеріп тұратын жағдайларда үкіметтік құрылымдарға қарағанда, парламенттік фракциялар тарапынан әлдеқайда жеделдікпен әрекеттер жасалатынын айқын көрсетеді.

«Бұл парламенттік бақылау және Президент әкімшілігі мен Үкіметтің парламенттік фракциялармен өзара әрекеттесуі шараларының қажеттілігін тағы да айғақтай түседі. Оның үстіне мұны биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының арасындағы теңгерімін көппартиялы Парламенттің өкілеттігін күшейту жағына қарай теңестірудің пісіп-жетілген қажеттілігі туралы мемлекетке және қоғамға берілген дабыл деп түсіну керек», - деп атап өтті халық қалаулысы.

Соңғы жаңалықтар