Президент Тоқаев БҰҰ конференциясы өтетін «Аваза» спорт кешеніне барды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясы өтетін «Аваза» спорт кешеніне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Глава государства прибыл в спортивный комплекс «Аваза»
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.

Кейіннен делегация басшылары бірге суретке түсті.

Делегация басшылары бірге суретке түсті
Фото: Ақорда

Еске салсақ, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды.

Әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов аз-кем әңгімелесті.

Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының делегация басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысу үшін «Аваза» конгресс-орталығына барғаны хабарланды.

Бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар