Президент Тоқаев пен Пан Ги Мун тұрақты даму мәселелерін талқылады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті
Фото: Ақорда

Астана халықаралық форумы алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы, БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Институтқа еліміздің көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы мен Арал теңізінің құрғаған табанын экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру бағдарламасына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Президент Тоқаев пен Пан Ги Мун тұрақты даму мәселелерін талқылады
Фото: Ақорда

Пан Ги Мун Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына жұмсаған күш-жігерін қолдайтынын, жаһандағы экологиялық бастамаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.

Осыған дейін хабарланғандай, Қазақстан мен Ауғанстан сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтады.

 

Соңғы жаңалықтар