Президент ТРК-ның делегациясы Қытайда өткен 13-ші жаһандық видеомедиа форумына қатысты

АСТАНА.KAZINFORM - 2025 жылдың 6 қарашасында Сиань қаласында 40 елден келген 300-ден астам адамның басын қосқан 13-ші жаһандық видеоемедиа форумы өтті.

Делегация ТРК Президента приняла участие в Глобальном форуме видеомедиа в Китае
Фото: Президент ТРК-сы

Форум барысында жаһандық басқарудағы БАҚ-тың рөлі, ортақ тиімділік үшін консенсус қалыптастыруға қатысты мәселелер талқыланды. Әсіресе видеоконтенттің әлемдік индустриясы, цифрлық платформалар мен халықаралық медиаынтымақтастықтың дамуына ерекше назар аударылды.

Jibek Joly/Silk Way телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған «Жаһандық Оңтүстік БАҚ диалогы» сессиясында сөз сөйледі. Е.Күнтуған Silk Way телеарнасымен CMG (China Media Group) бірлесіп жүзеге асырылған «Silk Way Star» халықаралық жобасы туралы айтты.

управляющий директор телеканала «Jibek Joly/Silk Way»
Фото: Президент ТРК-сы

12 елдің дарындары мен телеарналарын біріктірген жоба мәдени алмасу мен халықтар арасындағы достықты нығайтудың, жалпы сәтті медиаынтымақтастықтың үлгісі болды.

- Бұл – біздің өңірімізді Жаһандық оңтүстіктің қарқынды, ашық және креативті бөлігі ретінде ұсынатын, Орталық Азия елдерінің даусы бірігетін жаңа алаң, - деді Е.Кунтуған.

Ол сондай-ақ жаһандық цифрландыру мен технологиялардың қарқынды дамуы кезінде адами өлшемді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сиань медиафорумы қорытынды құжат қабылдаумен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар