Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Конгресс орталығына келді
АНКАРА. ҚазАқпарат - Екіжақты келіссөз аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Конгресс орталығына бірге келді, деп хабарлайды Ақорда.
Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.
