Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
None
Фото: akorda.kz

«Мемлекет басшысына Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығының қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Кездесуде ҰҚШҰ жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе, сондай-ақ Ұйымның осы жылғы жоспары талқыланды», - деп жазылған ақпарат көзінде.

Бұған дейін хабарланғанындай, ҰҚШҰ-ға мүше елдерде биыл кешенді оқу-жаттығулар өтеді.


Соңғы жаңалықтар