Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды

Ақорда
Фото: akorda.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент
Фото: akorda.kz

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Тимур Мұратовтың айтуынша, мекемеде 29 бағыт бойынша емдеу ісін жүргізетін 9 клиникалық департамент құрылады. Мұнда жылына 18 мыңнан астам науқас емделе алады.

Президент заманауи құралдармен, соның ішінде мобильді компьютерлік томограф және OR-1 жүйесімен жабдықталған операция залдарын аралап көрді.

Президент
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы орталықтың қызметкерлерімен әңгімелесу барысында мұндай бірегей нысанның іске қосылуын отандық медицинаның зор жетістігі деп бағалады. Сонымен қатар мекемеге білікті мамандарды көптеп тарту қажет екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымның жұмысына табыс тілеп, орталыққа реанимобиль сыйлады.

Қазақстан Президенті
Фото: akorda.kz

Осыған дейін Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусын аралап көрді.

Президент
Фото: akorda.kz

 

 

Соңғы жаңалықтар