Президент Ұлттық қордың қаржысын жүйелі жұмсауды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Ұлттық қордың есебінен жүзеге асырылатын жобаларды жан-жақты сараптау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ендігі міндет - нақты секторды несиелендірудің жыл сайынғы өсімін 20% және одан жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Экономиканы қаржыландырудың әлеуетті көздері туралы пікірталаста Ұлттық қордың қаражатын пайдалану тақырыбы жиі қозғалады. Сарапшылар қордың жинақ және даму рөлі арасындағы тепе-теңдік туралы дауласып жатады. Әрине, жинақ функциясы негізгі болуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында.

Президенттің мәлімдеуінше, ұлттық қордың ресурстары төтенше сын-қатерлер туындаған жағдайда қаржылық тұрақтылықтың маңызды кепілі.

«Сонымен қатар, қор қаражатының бір бөлігін Қазақстанның болашағының келбетін айқындайтын стратегиялық жобаларды қаржыландыру мақсатында қазірдің өзінде пайдалануға болады. Ұлттық қор қазірдің өзінде бірқатар ірі жобаларды қаржыландыруда. Алайда, жобаларды таңдау кезінде жүйелілік жетіспейді. Сондықтан, келіп түскен ұсыныстарға жан-жақты сараптама жүргізу қаже, яғни Ұлттық қордан жұмсалған әрбір теңге пайдалы жұмсалатындай», -деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар