Президент ұшақ апатынан зардап шеккен адамдарды құтқарған азаматтарды марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Президент ұшақ апатынан зардап шеккен адамдарды құтқарған азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттады
Фото: t.me/qr_tjm

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тапты. Өкінішке қарай, мерт болған жандардың арасында 6 Қазақстан азаматы бар.

 

Соңғы жаңалықтар