Президент Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Вашингтонда отандастарымызбен кездесті
Фото: Ақорда

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент Вашингтонда отандастарымызбен кездесті
Фото: Ақорда

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Президент Вашингтонда отандастарымызбен кездесті
Фото: Ақорда

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Вашингтонға жұмыс сапарымен барғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум