Президент Вьетнам Компартиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесі бойынша Жаңа жыл – Тет мерекесімен құттықтады.

президент Ветьнам
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстанның Вьетнамды оңтүстік-шығыс Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ерекше мән беретінін жазған.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдаған.

Соңғы жаңалықтар