11:40, 01 Наурыз 2022 | GMT +5
Президент: Жаңа Қазақстан құру - болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа Қазақстан құру болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазір бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Жаңа құндылықтармен қатар күрделі сын-қатерлер пайда болуда. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Біз Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. Бұл - өте ауқымды міндет. Тіпті, болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс деуге болады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет», - деді Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде.