Президент құқық бұзушылық профилактикасына қатысты құжатқа енгізілген өзгерісті мақұлдады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ақорда
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, Сенат «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды және оған ілеспе 2 құжатты екі оқылымда қарап, мақұлдады.

Заңның міндеттері:

- адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;

- құқық бұзушылық деңгейін төмендету;

- құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және заңға мойынсынатын мінез-құлықты қалыптастыру;

- жәбірленушілер мен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;

- қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылық профилактикасына азаматтардың белсенді қатысуын арттыру;

- құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру және басқалары.

Соңғы жаңалықтар